20 ақпан 2024 | 10:18

Қазақстанда әрбір үшінші еңбек мигранты Қытайдан

ПОДЕЛИТЬСЯ

chandlervid85/Freepik chandlervid85/Freepik

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді.

"Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 671 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 871 және 595 адам. Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 616 адам тартылды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 456 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97,2 пайызы екені айтылды.

"Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 326 адам (33,5 пайыз), өңдеу өнеркәсібі – 1 370 адам (10,6 пайыз), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 298 адам (10 пайыз), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 843 адам (6,5 пайыз), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 600 адам (4,6 пайыз)".

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 045 адам (31,4 пайыз), Үндістан – 1 152 адам (8,9 пайыз), Түркия – 1 110 адам (8,6 пайыз), Өзбекстан – 673 адам (5,2 пайыз).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети