Қазақстанда армияға шақырылушылар санын арттыру жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда армияға шақырылушылар санын арттыру жоспарланып отыр Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылушылар санын арттыруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылушылар санын арттыруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі Президенттің 1 ақпандағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын орындау үшін әскерге шақырылушылар санын көбейтеді.

"Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 39 180 қазақстандық әскер қатарына шақырылып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети