27 қыркүйек 2024 | 09:24

Қазақстанда әскерге шақыру жойылуы мүмкін бе? Қорғаныс министрлігі жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың мерзімді әскери қызметтен бас тарту туралы петициясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардың мерзімді әскери қызметтен бас тарту туралы петициясына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, Конституцияның 36-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы әрі міндеті" екені көрсетілген.

"Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер армияда болған уақытында әскери мамандықтарына сәйкес жауынгерлік даярлық сабақтарынан өтеді. Олар жауынгерлік, дене шынықтыру дайындығы және әскери қызмет бойынша қажетті дағдыларды алады. Әскерден босатылғаннан кейін олар әскери дайындықтан өткен запасқа есепке алынады. Әскери даярланған резерв, яғни әскери дайындық дағдылары бар азаматтар мемлекет қорғанысының элементтерінің бірі, оның жұмылдыру ресурсы болып табылады. Әскери қауіп төнген жағдайда олар мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындайды", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.

Сондай-ақ, ведомство Әкімшілік іс жүргізу кодексінің 90-1-бабына сәйкес қорғаныс мәселелері петиция нысанасы бола алмайтынын атап өтті.

"Бұл бастама - мемлекеттің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру", - деді министрлік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.57   533.65   5.17 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети