Қазақстанда алғаш рет әскер қатарына шақыру мәселелері бойынша кеңес беретін арнайы байланыс желісі құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда алғаш рет әскер қатарына шақыру мәселелері бойынша кеңес беретін арнайы байланыс желісі құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғаныс министрлігіндегі әскерге шақыру науқанының басталуына орай уақытша штаб (арнайы байланыс желісі) құрылды. Әскерге шақырылған әр азамат немесе оның отбасы бұл желі арқылы 2015 жылғы әскерге шақыру науқанына (құжаттарды беру, медициналық куәландыру және тағы да басқа) қатысты барлық сұрақтарға жауап алатын болады.
"Байланыс желісін орнатудағы негізгі мақсат - азаматтарда туындаған мәселелер мен проблемалық сәттерде жылдам шешім қабылдау үшін кеңес беру. Кеңесті ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары жөніндегі департаменті мен ҚР ҚК Бас әскери медициналық басқармасының құзырлы мамандары бере алады. Бұрын мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілетін. Дегенмен осындай ауқымда бірінші рет ұйымдастырылып отыр", - делінген хабарламада.
Байланыс желісінің телефондары: 8 (7172) 72-13-89, 72-14-20, 72-13-82 (жалпы сұрақтар бойынша қоңыраулар тәулік бойы қабылдайды) және 8 (7172) 39-33-37 (медициналық куәландырулар бойынша). Айта кетейік, биыл мерзімді әскери қызметке жалпы саны 30 мың қазақстандықты шақыру жоспарланып отыр.