Сенатор Андрей Лукин Қазақстанда әскери қарудан басқа қару-жарақ контрабандасына қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенатор Андрей Лукин Қазақстанда әскери қарудан басқа қару-жарақ контрабандасына қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лукин елдегі қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде адамдардың қаза болуының бір себебі қару сататын дүкендерден тоналған атыс қарулары мен заңсыз сақталған қаруларды пайдалану екенін айтты.
"2019-2021 жылдар аралығында елімізде 545 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 600 жағдайда атыс қаруы қолданылған, оның 88 пайызы заңсыз айналымда болған. Ал қаруды сақтау және оны тіркеу шарттарын бұзғаны үшін 45 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы республика бойынша заңды пайдалануда 303 мыңнан астам қару бар, ішкі істер органдарында 2000-нан астам заңды тұлға есепте тұр: күзет ұйымдары, инкассациялар, қорықшылық қызмет, Қазпочта. Олар өз қызметінде 37 мыңнан астам қызметтік қаруды пайдаланады. ІІО-да азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарын сату бойынша 103 арнайы дүкен тіркелген", - деді депутат.
Лукин қазіргі уақытта атыс қаруына ұқсас, газды, газды-травматикалық, сигналдық және пневматикалық қару түрлерінен оқ ататын қаруды заңсыз жасау фактілерінің күрт өсу үрдісі байқалатынын, қылмыстық ортаның мүшелері мен бүлдіргі діни ағымды жақтаушылар мұндай қаруды соғыс қаруына айналдырумен айналысатынын, қарудың бұл түрінің таралу үрдісі ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне елеулі қауіп төндіріп отырғанын айтты.
"Соңғы үш жылда әскери қару болып қайта жасалған 129 қару тәркіленді. Әскери қару дайындау бойынша 15 қолөнер цехы жойылды. Мұндай қаруды әскери қызметке айналдырумен негізінен, қылмыстық топ мүшелері мен деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары айналысады. Қарудың бұл түрін тарату үрдісі ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндіреді.
Қолда бар ақпарат бойынша, соңғы уақытта рұқсат етілмеген қару-жарақты шекара арқылы алып өту дерегі жиілеп кетті. Бұл арнайы органдардың осы бағыттағы қызметінің тиімсіздігін, тиісті жұмыстың жоқтығын көрсетеді", - деді Лукин.
Лукин атыс қаруының айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларға қарсы тұру мақсатында травматикалық, пневматикалық, аңшылық қарулар мен олардың негізгі бөліктерін контрабандалық жолмен әкелгендерге, тегіс ұңғылы тіркелмеген қарудың заңсыз айналымына қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды.
Сенатор сонымен қатар қару-жарақты сататын үй-жайларды техникалық күшейту талаптарын қатаңдату қажет деп санайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!