Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс құрметіне арналған әскери парад алдағы уақытта өте ме деген сұраққа жауап беріп, шерулерге қанша қаржы жұмсалатынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс құрметіне арналған әскери парад алдағы уақытта өте ме деген сұраққа жауап беріп, шерулерге қанша қаржы жұмсалатынын айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бір парадқа орта есеппен (бюджеттен жұмсалады - еск.) 4 миллиард теңгеден асады.
Бүгінде Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында күрделі міндеттер тұр, Жоғарғы бас қолбасшы соны жүктеп отыр. Оны (парад - еск.) жүзеге асыру және бюджеттен (ақша - еск.) сұрау - мұның шығыны көп. Бұл - жанар-жағармай, жол ақысы, қызметкерлердің тамағы. Бұл қазіргі жағдайға есептегеніміз. Жаттығуды енді аяқтадық. Не маңыздырақ - оқу-жаттығулар өткізіп, жауынгерлік әзірлігімізді тексеру ме, әлде шеруге қатысу ма? Осы жағдайда Жоғарғы бас қолбасшының тапсырмаларын орындауды ескере отырып, қазіргі уақытта Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен дайындығына кіріскен жөн деп санаймыз", - деп түсіндірді министр 2022 жылы мамырдағы әскери парадтан бас тарту себебін.
Соған қарамастан, министр шеру келесі жылдары өткізілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Парад патриоттық сезімнің бір көрінісі екенін түсінесіздер. Бізде індет болды, қажеттілік жоқ еді. Қазір жауынгерлік әзірлікті арттырумен айналысып жатырмыз. Кейінірек, жеткілікті экономикалық жағдай және басқа да барлық жағдай болған кезде парад өткіземіз", - деп қосты ол.
Сондай-ақ, ол шеру тоқтатылғанымен ардагерлерге құрмет көрсетілетінін айтты.
"Жеңіс күні жоспарланған іс-шаралар - ардагерлерімізге құрмет көрсету. Олар жоспар бойынша және атқарушы билік тарапынан ардагерлерге төленетін төлемдер бойынша жүреді. Біз оларды құрметтеп, құттықтаймыз", - деді Жақсылықов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!