Қазгидромет 5 қазанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазгидромет 5 қазанда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын жел секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 17-19 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 25-27 градус жылы.
Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аймақтарында 6, күндіз 23-28, облыстың таулы аймақтарында 19 градус жылы.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстіктен секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 20-25 градус жылы.
Атырау облысының батысында түнде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 19-24 градус жылы.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың шығысында 10, күндіз 18-23 градус жылы.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың оңтүстігінде 12, күндіз 18-23 градус жылы.
Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус аяз, күндіз 15-20 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, күндіз облыстың солтүстігі мен батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус аяз, күндіз 15-20 градус жылы.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында 2 градус жылы, күндіз 12-17 градус жылы.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігі мен шығысында 2 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы, облыстың солтүстігі мен шығысында 10 градус жылы.
Абай облысында жауын-шашынсыз, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-6, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 20 градус жылы.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 20-25 градус жылы.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың таулы аймақтарында 4, күндіз 22-27, облыстың таулы аймақтарында 19 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!