Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.
2026 жылғы 13 қаңтар сағат 18:00-де Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақмола облысы:
- "Астана - Көкшетау - Петропавл - РФ шекарасы" автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);
- "Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы" автожолының 14-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
- "Көкшетау - Рузаевка" автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қ. - СҚО шекарасы);
- "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 856-915 шақырым аралығы (Жақсы елді мекені - СҚО шекарасы);
- "Жезқазған - Арқалық - Петропавл" автожолының 537-552 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Сұрған елді мекені).
Қостанай облысы:
- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай" 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы – СҚО шекарасы);
- "Мамлютка – Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығы (СҚО шекарасы – Ұзынкөл ауылы).
Жолдарды 2026 жылғы 14 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!