Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше облыстағы тасжол жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше облыстағы тасжол жабылды

Қазақстанда боранға байланысты үш облыстағы тасжол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда боранға байланысты үш облыстағы тасжол жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысында 19 ақпанда сағат 09.30-дан бастап 0-272 шақырымдық "Ленин-Ертіс-Русская Поляна" автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.

"Қазавтожол" мәліметінше, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тасжолдар жабылған. 

19 ақпанда сағат 08.15-те ауа райының қолайсыздығына байланысты "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолындағы көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар, 19 ақпанда сағат 08.00-де "Өскемен-Семей", "Омск-Майқапшагай" тасжолдары жабылған. Сағат 08.15-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында "Омск-Майқапшағай" автожолында жүру шектелді. 

Бұған дейін Қостанайда қалың қар жауып, салдарынан жолдар жабылғаны хабарланған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети