Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді: күні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді: күні белгілі болды Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстанның тоғыз өңірінде ауқымды сейсмикалық дайындық жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның тоғыз өңірінде ауқымды сейсмикалық дайындық жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

3-4 маусымда еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында "Жер-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Шығыс Қазақстан облысы Өскеменде орналасқан.

"3 маусым сағат 10:00-де жойқын жер сілкінісіне ұшырау мүмкіндігі бар өңірлерде "Баршаның назарына!" сирена-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Сондай-ақ, адам көп жиналатын нысандарда сейсмикалық жаттығулар өткізіледі.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төтенше жағдайды жоюға дайындық деңгейін арттыру мақсатында жүргізіледі.

Аталмыш іс-шара республикалық және өңірлік азаматтық қорғау қызметтерінің, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі", - делінген хабарламада.

Оның барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер мен далалық медициналық ауруханалар көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети