Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникалары үшін утильалымды алып тастау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникалары үшін утильалымды алып тастау ұсынылды Фото:depositphotos.com

Сенатор Әли Бектаев Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникалары үшін утильалымды алып тастауды ұсынды. Бұл туралы ол депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор Әли Бектаев Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникалары үшін утильалымды алып тастауды ұсынды. Бұл туралы ол депутаттық сауалында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өзінің депутаттық сауалында Әли Бектаев ауыл шаруашылығы техникасының тозуы мен тапшылығына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда қолданылатын ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы тозған. Қолданыстағы нормалармен қазіргі уақытта егістік алқаптарында 65 мың трактор мен 43 мың комбайн жетіспейді.

"Елімізде әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін 10 зауыт және өздігінен жүретін техниканы шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Өкінішке қарай, қазақстандық қамту деңгейі небәрі 42-44 пайыз болады. Негізгі бөлшектер импортталады. Сондықтан түпкілікті өнімнің бағасы соншалықты жоғары және фермерлер үшін қолжетімді емес. Сонымен қатар, көптеген жеңіл ауылшаруашылық құрылғылары мен жем-шөп жинайтын жабдықтар, шөп жинағыштар мен отырғызғыштар шетелде шығарылады. Неге негізінен металдан жасалған бұл қарапайым техниканы жасай алмаймыз? Жалпы Қазақстанда отандық аграрлық машина жасауды дамытудың мемлекеттік саясаты бар ма?" - деп сұрады Әли Бектаев.

Сонымен қатар, сенатор жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін утильалым қымбат екенін атап өтті. Бұл шаруалардың жаңа техника сатып ала алмай, ескірген тракторлар мен комбайндарды пайдаланып, үнемі жөндеуге мәжбүр болуына алып келеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети