Қазақстанда ауыл шаруашылығына қатысты тыйым ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ауыл шаруашылығына қатысты тыйым ұзартылды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 2024 жылдың 8 қаңтарында енгізілген тыйым тағы 6 айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2024 жылдың 8 қаңтарында енгізілген тыйым тағы 6 айға ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағынан ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салуды 6 ай мерзімге ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл тыйым Қазақстанда биылғы 8 қаңтарда енгізілді. Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл аяғына дейін ұзартылды. Елге бидайды "көлеңкелі схема" арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда былтырғымен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети