11 қаңтар 2015 14:04

Қазақстанда автокөлік әкелудің жаңа тәртіптері күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©drom.ru ©drom.ru

Еуразия экономикалық одағына мүше Ресей мен Беларусь елдерінен Қазақстанға әкелінген көліктердің шыққан жылдары мен Еуро-4 экологиялық нормасына байланысты қойылған шектеулер алынып тасталды. Енді үш жылдың ішінде бұл норма Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерге де қолданылатын болады. Тек рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Kolesa.kz сайты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап хабарлады.


Еуразия экономикалық одағына мүше Ресей мен Беларусь елдерінен Қазақстанға әкелінген көліктердің шыққан жылдары мен Еуро-4 экологиялық нормасына байланысты қойылған шектеулер алынып тасталды. Енді үш жылдың ішінде бұл норма Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерге де қолданылатын болады. Тек рулі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Kolesa.kz сайты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Жаңа тәртіптер қаңтардың 1-інен бастап Еуразия экономикалық одағы мен Кеден одағының техникалық регламентінің  "Дөңгелекті көлік құралының қауіпсіздігі туралы" келісімшартымен бірге бір уақытта күшіне енді.

Бұл мемлекетаралық құжаттар бойынша бұрынғы ұлттық регламенттер алынып тасталды, оның ішінде Қазақстандыкі де бар. Бұл жердегі айтылып отырған мәселе "Қазақстан аумағында айналымға шығарылатын автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарға қойылатын талаптар" деп аталатын отандық құжат туралы, бұл құжаттың қосымшаларының бірінде Еуро-4 экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктерге Қазақстан аумағында жүруге тыйым салынған болатын. 

Осылайша ЕАЭО шекаралары арқылы көліктерді өткізу кезінде регламенттеу болмайды, сонымен қатар Ресей мен Беларусь көліктерін тіркеу барысында олардың шыққан жылдары мен экологиялық қауіпсіздігіне шектеу қойылмайды.

Еуро-4 экологиялық стандартына байланысты талаптар тек Еуразия экономикалық одағына мүше емес елдерден әкелінген көліктерге ғана қойылады. Сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше елдерге әкелінетін көліктер 2007 жылдан бұрын шыққан болмауы тиіс, ішінде кемі бір қауіпсіздік жастығы, балалар орындығын орнатуға арналған система, ABS (блокировкаға қарсы тежегіш жүйесі), күндіз жүруге арналған жарық шамы мен иммобилайзер болуы керек. Сондай-ақ автокөліктердің газ бен борт диагностикасын бейтараптандыру жүйесі жұмыс істеп тұруы тиіс.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Әкімшілік поллиция комитетінің мамандары бар аймақтағы әріптестеріне жаңа нормалар туралы мәлімдемелерді таратты. Құжаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Сонымен қатар, бұған дейін 1 қаңтардан бастап ЕАЭО елдерінен көлік сатып алу кезінде қосылған құн салығы мен акциздік алым төленбейтіні хабарланған болатын. 

24.kz телеарнасының хабарлауынша, көлік иелерінің кейбірін әлі де салық төлеуге міндеттеген, ал қаңтар айының басында Ресейден әкелінген көліктердің құжатын рәсімдеу кезінде қиындықтар туған. Қаржы министрлігі мамандарының мәлімдеуінше, қосылған құн салығын төлеу міндеті көлік еліміздің шекарасынан асқан күнге байланысты салынады, яғни көлікті қаңтар айында сатып алғандар салық төлемейді. 

"Егер көлік 2014 жылы сатып алынып, бірақ Ресей - Қазақстан шекарасына, мысалы, 2015 жылдың қаңтарынан кейінгі датада кіргізілетін болса, онда көлік иесі қосылған құн салығын төлеу міндетінен босатылады", - деді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің басқарма басшысы Қайрат Орқашбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети