Қазақстанда автокөліктерде болатын қобдишадағы дәрі-дәрмектердің түрлері заңдастырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінен хабарлады.

"Жол жүру туралы" заңды жүзеге асыру барысында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2014 жылы шілденің 2-і күні № 368 "Автокөлік қобдишасындағы алғашқы медициналық көмекке қажетті дәрі-дәрмектердің түрлерін мақұлдау жөніндегі" бұйрығы жетілдіріліп, мақұлданды. Бұйрық 2014 жылы тамыздың 17-і күні күшіне енді. Бұған дейін қобдишадағы дәрі-дәрмектердің түрлері белгіленбеген болатын", - деді комитет сарапшысы Рауан Өтеев.
Министрдің бұйрығына сәйкес, қазақстандық әрбір автокөлік жүргізушісінде мынадай дәрі-дәрмек түрлері болуы керек: бір қорапша валидол (таблетка 0,06), орауға арналған емдеу құралдары, бір құты мүсәтір спирті, ыстық түсіретін және ауруды басатын дәрі түрлері, ацетилсалицил қышқылы, кеторолак, парацетамол, хлоропирамин, валериана, сульфацетамид 20-пайызды (көзге тамызатын), спиртті йод, хлоргексидин, жасыл спиртті сұйықтық, пероксид сұйықтығы (перекис), стерильді бинт (екі дана), стерильді майлық, медициналық мақта, қанды тоқтататын резеңке, лейкопластырь (бес дана), медициналық лейкопластырь, екі дана медициналық стерильді қолғап пен медициналық қайшы болуы тиіс.