Қазақстанда автокөлік өндірісі төмендеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автокөлік өндірісі төмендеген Фото:depositphotos.com

Қазақстанда автокөлік өндірісі былтырғымен салыстырғанда 2,1 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда автокөлік өндірісі былтырғымен салыстырғанда 2,1 пайызға қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан автомобиль одағы мәліметінше, 2024 жылдың тоғыз айында Қазақстанда 92 243 техника өндірілген. Олардың ішінде:

  • жеңіл автомобильдер - 82 877 дана(-16,7 пайыз);
  • жүк көліктері - 5 896 дана (-15,2 пайыз);
  • автобустар - 1 838 дана (-7,5 пайыз).

"Өндіріс көлемінің төмендеу көрсеткіштері - бұл жақын көршілер арқылы логистика, жабдықтар, шикізаттар мен жиынтықтауыштарды жеткізу мәселелерінің қысқа мерзімді көрінісі", - деді Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева.

Автомобиль одағының мәліметі бойынша, 2024 жылдың тоғыз айында:

  • Қостанайда (Allur) - 55 122 дана техника (-16,2 пайыз);
  • Алматыда (Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty) - 29 583 дана (-21,9 пайыз);
  • Семейде (СемАЗ, Daewoo Bus Kazakhstan) - 3 933 дана (+36,1 пайыз);
  • Қарағанды облысында (QazTehna) - 1 008 дана (+1,5 пайыз);
  • Көкшетауда (КАМАЗ-Инжиниринг) - 812 дана (-13,7 пайыз);
  • басқа өндірушілер - 1 755 дана (+9,3 пайыз).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети