01 қаңтар 2019 | 10:02

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығатын жасы ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ерлер зейнетке 63 жасында шығады. Ал әйелдердің зейнет жасы, зейнетпен қамтамасыз ету туралы қабылданған заңға сәйкес, жыл сайын алты айға ұзарып отырады. 

Әйелдердің зейнет жасы бірінші рет 2018 жылдың 1 қаңтарында көтерілген еді - 58,5 жас. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60 жас. 

Осылайша әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылға дейін өсіп отырады да, қорытындысында 63 жасқа дейін ұзарады. 

Айтпақшы, қазақстандық азаматшалар қажетті соманы жинаған жағдайда 50 жасында-ақ зейнетке шыға алады. 2018 жылы бұл цифр 13,5 миллионға жеткен. 

Ал кейбірі зейнетке ерте шыға алады. Заңға сәйкес, бұл норманы экологиялық қауіп аймағында тұрған, бес немесе одан да көп бала туған немесе асырап алған жағдайда қолдана алады. Асырап алған балалардың жасы 8-ге дейін болуы керек, сонда ғана әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети