Қазақстанда айналымы миллиард теңге болатын есірткі дүкендері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда айналымы миллиард теңге болатын есірткі дүкендері анықталды Фото:depositphotos.com

Қаржы мониторингі агенттігі есірткі мен прекурсорлар сатылатын мессенджер арналары мен Darknet маркетплейстерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі есірткі мен прекурсорлар сатылатын мессенджер арналары мен Darknet маркетплейстерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс көзге түскен.

"Ел аумағында Telegram-арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды. Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды", - делінген хабарламада.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50 пайыздан астамы Астана, Алматы мен Алматы облысына тиесілі.

"Агенттік былтыр айналымы 25,6 миллиард теңге болатын 36 есірткі дүкенін анықтады. Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды. Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 миллиард теңге болды".

Айналымы 82 миллион теңге болатын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети