22 желтоқсан 2021 14:19

Қазақстанда азық-түлік бағасын болжап отыру ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев азық-түлік бағасын қадағалайтын орталық құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Ғалым Әміреев азық-түлік бағасын қадағалайтын орталық құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған сауалында депутат азық-түлік бағасы жылдан-жылға өсіп келе жатқанын, бірақ Үкімет тек бағаның өсу салдарымен күресіп жатқанын айтты.

"Жалғыз жол - ел ішінде де, шетелде де ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын болжау бойынша жүйелі жұмыс істеу. Бізге кем дегенде жарты жылға, бір жылға арналған баға болжамы қажет, сонда ғана әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыпты ұстап тұра аламыз", - деп мәлімдеді Әміреев.

Ол қазір бірде-бір ведомство бағаны болжаумен айналыспайтынын, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің, стратегиялық жоспарлау және реформалар, бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі агенттіктердің құрылымдарында тамақ өнімдері бағасын талдау және болжау жүйесі жоқ екенін айтты.

"Инфрақұрылым бар, қаржыландыру мәселесі шешіліп жатыр. Алайда басқару мен болжаудың бірыңғай орталығы, нақты жұмыс жоспары жоқ. Баға өзгергеннен кейін тек салдарымен күрес жүріп жатыр. Бағаны тежеу бойынша жұмыстағы сәтсіздіктер үшін ешкім жауапкершілік алмайды, яғни мәселені шешуде қашан және не сатып алу туралы нақты нұсқау беретін ешкім жоқ", - деді депутат.

Әміреев өңірлерде филиалдарымен бірге АӨК-тің орталықтандырылған болжау-талдау орталығын құру қажет екенін туралы мәлімдеді.

"Орталық еліміздің агроөнеркәсіптік кешені туралы барлық мемлекеттік ресурсты интеграциялау, ауыл шаруашылығы салалары мен инфрақұрылымының жай-күйі туралы деректерді жинау мен талдаудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру, аграрлық азық-түлік нарықтарының дамуын болжау мақсатында құрылуы тиіс. Орталық ауыл шаруашылығы салаларының, аумақтар мен нарықтардың жай-күйі туралы өзекті есептік материалдарды қалыптастырып, онлайн режимде интерактивті кеңестер өткізілуі тиіс", - деп нақтылады Әміреев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети