Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуіне жауапты адам қалай анықталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуіне жауапты адам қалай анықталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бұл тармақты іске асыру үшін, Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен және басқа да мүдделі органдармен бірге бір ай ішінде Сауда министрлігіне баға белгілеу мен таратуды үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның функцияларын беру туралы ұсыныстар енгізеді", - деді Қазанбаев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бір айдың ішінде салалық мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл регламенті әзірленеді.
"Біздің мақсатымыз - азық-түлік тауарларының бағаларын мониторингілеу мен болжаудың дұрыс және тиімді жүйесін құру. Бұл мемлекетке нарық конъюнктурасы мен бағалардың өзгеруіне дер кезінде және жедел ден қоюға мүмкіндік береді", - деді вице-министр.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында шенеуніктерді бағаның көтерілуіне байланысты сынға алған болатын.
"Сондай-ақ, өндірушіден тізбек бойынша бағаны бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қазір бұл жұмысқа бірнеше бөлім жауап береді. Бағаның өзгерісінен кейін олар мұқият талдау мен тиімді шаралар қабылдаудың орнына, бір-біріне сілтей бастайды", - деді ол.
Мемлекет басшысы азық-түлік бағасын өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша бірыңғай бақылау бойынша негізгі жауапты мемлекеттік органды анықтауды тапсырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!