Қазақстанда азық-түлік жыл басынан бері қаншаға қымбаттады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда азық-түлік жыл басынан бері қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы жыл басынан бері 4,2 пайызға өсті. Бұл туралы онлайн-брифингте сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті директорының орынбасары Ерлан Ешназаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Министрлік әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасына мониторинг жүргізеді. Жыл басынан бері бағалар 4,2 пайызға өсті. Бұл 1 қазандағы дерек.

Бірақ мамырдан қыркүйекке дейін бағалар біртіндеп төмендей бастады, осылайша мамырда өсім 0,1 пайызды көрсетсе, маусым мен шілдеде ол мүлдем болмады.

Тамызда бағалар 0,3 пайызға, қыркүйекте 0,4 пайызға төмендеді. Жалпы төмендеу - 1,3 пайыз", - деді Ешназаров.

Министрлік бағаларды реттеу үшін арнайы тұрақтандыру қорларын іске қосқан. Қазір Қазақстандағы 25 мың тонна азық-түлік қорларда қалыптасқан екен.

"Төтенше жағдай кезінде баға көтерілді. Бұл көкөністер мен жемістердің бағасы көтерілген маусымға сәйкес келіп қалды. Наурыздың ортасынан сәуірдің соңына дейін бір жарым айда бағалар шамамен екі пайызға өсті. Яғни, жалпы өсімнің шамамен 90 пайызы елдегі ТЖ кезінде болды. Бірақ мамырдан бастап азық-түлік бағалары тұрақтана бастады", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети