Қазақстанда балабақшаларға қойылатын талап қатаңдауы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда балабақшаларға қойылатын талап қатаңдауы мүмкін

Білім және ғылым министрлігі балабақшалардағы тексеру жүргізу тәртібін өзгертуге ниетті. Бұл туралы білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ведомствода мұндай шешім Нұр-Сұлтандағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жекеменшік балабақша тәрбиеленушілеріне дөрекі қарым-қатынас туралы шағымнан кейін қаралған.

Қаринованың айтуынша, қазір жекеменшік балабақшада тексеріс жүріп жатыр.

"Тексеруден кейін тиісті шаралар қабылданады. Білім және ғылым министрлігі бұл өте қиын жағдай екенін мойындап отыр. Бұл қайталанбауы керек, сондықтан қазір балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту шараларын қарастырып жатырмыз. Балабақшалардың өздеріне де, мұғалімдерге де талапты күшейтеміз. Балабақшаларға тексеру жүргізу тәртібін өзгертуді жоспарлап отырмыз. Балабақшалардың лицензиясын қайтару қажет болуы мүмкін. Қазір бұл нормаларды қарастырып жатырмыз", - деді Шолпан Қаринова Сенат отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети