Қазақстанда балалар арасындағы суицид жағдайлары көбейген

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© фото:t-l.ru © фото:t-l.ru

Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсайтын балалардың көбейгені байқалып жатыр, бұл туралы білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсайтын балалардың көбейгені байқалып жатыр, бұл туралы білім және ғылым министрінің кеңесшісі Раиса Шер мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалар суициді - өте күрделі мәселе. 2017 жылмен салыстырғанда суицидтің 6,6 пайызға өскені байқалды. Бұл сандар қорықынышты", - деді Шер.

Министрліктің мәліметінше, ең көп өз-өзіне қол жұмсау деректері Қызылорда облысында болған - бір жылда 7 жағдай. Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында балалар суициді көбейген, әр облыста 5 жағдайдан болған. Атырау және Жамбыл облысында 4 дерек, ал Қостанай облысында өткен жылға қарағанда 3 жағдай артық болған.

"Мамандардың айтуынша, осындай жағдайлардың басты себебі қоғамдағы моральдық құндылықтардың өзгеруі. Ең басты орталар - отбасы, көше, мектеп, колледж, интернет. Кемсіту мен оқушылардың төбелесі, оның ішінде қайғылы жайдаймен аяқталған оқиғаларды бүкіл ел көрді. Ақтөбе облысының өзінде үш жағдай болды. Шымкентте колледж қыздары оқушыны тонағаны үшін ұсталған. Түркістан облысында оқушыларды сыныптастары ұрып-соққан. Осы облыста бір жыл бұрын 17 жастағы жасөспірім 20 баладан ақша бопсалаған. Зардап шеккендердің бірі суицид жасаған", - деді мәлімдемесінде Шер.

Оның айтуынша, жыл басында суық қару қолданған жағдайлар кездескен екен. Осындай оқиғалар басқа да өңірлерде болды. Олардың көбі көпшілікке жарияланбайды екен.

"ЮНИСЕФ зерттеулерінде қазақстандық балалардың 62 пайызы зорлық-зомбылық құрбаны болғаны айтылады. 2018 жылы балаларға жасалған қылмыстар екі мыңнан асып түскен. Оның ішінде Ақтөбе облысында - 187, Түркістанда - 207, Солтүстік Қазақстанда - 59, Шымкентте - 166 және Астанада - 84 жағдай кездескен", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro