Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау жөніндегі арнайы жұмыс тобы құрылады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жанынан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жанынан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Хабарламада Президент Жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аудару, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты тергеліп жатқан әрбір істі бақылауды қамтамасыз ету міндетін қойғаны жазылған.

"Осы жұмыстың қазіргі жағдайын талқылау және оны жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу мақсатында Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев төрағалық еткен кеңес өтті. Кеңеске бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, ішкі және сыртқы істер, әділет, білім және ғылым министрліктерінің өкілдері қатысты", - деп хабарланды Ақорда сайтында.

Кеңесте кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, балалар саудасы, сондай-ақ балалар үйлері мен интернаттарда тиісті жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

"Кеңес қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жанынан балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және жолын кесу жөніндегі барлық уәкілетті органның қызметін үйлестіру үшін тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім шықты.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтегеннен кейін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау мен есепке алуды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети