ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов балалардың зорлануына қарсы қандай шаралардың жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов балалардың зорлануына қарсы қандай шаралардың жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тілшілер спикерден бұқаралық ақпарат құралдарында балалардың зорлануы туралы жаңалықтардың көбейіп кеткенін айтып, бұл мәселенің қалайша шешіліп жатқанын сұрады.
"Бұл мәселе қоғамда дүрлігу туғызып отыр. Осыған байланысты Президент әкімшілігі, Бас прокуратура үкіметпен бірге жиналыс өткізді, оның нәтижесінде балаларға қатысты зорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2017 жылдарға арналған жоспары құрылды. Осы жоспар бойынша біз жұмысты бастап кеттік. Биыл білім беру бағдарламаларына балалардың қауіпсіздігі туралы тақырыптар енгізіледі, жергілікті атқарушы органдармен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жасап жатырмыз, оған қауіпсіз бағыттар, түсіндіру жұмыстары кіреді. Оқу жылының басына қарай барлық мектеп психологтармен толығады", - деді Сәрінжіпов.
Оның айтуынша, мұғалімдер үшін балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін элементтері бар арнайы білім жетілдіру тренинг бағдарламалары дайындалды. "Барлық мектепте жаңа оқу жылының басында ата-аналар жиналысының болатыны және әдістемелік көмекші құралдардың жасалатыны туралы шешім шығардық. (...) Жауапкершілік отбасында да, ата-ананың да, мемлекеттік ұйымның да мойнында болуы керек", - деді ол.
Еске салайық, осыған дейін Таразда соққыға жығылған 6 жасар баланың видеосы Интернетті дүрліктірген болатын. Кадрларда дүкендердің бірінің жұмысшыларының баланың көптеген жарақаттарын таңып жатқаны көрінеді. Ал кадр сыртындағы адамдар баланы шешесі ұрды деп, оның ісін сөгеді. Алайда видеоны түсіріп тұрғандардың бірі баланың ылғи да осылайша жарақаттармен келетінін айтады. Бала болса әлденеден қорқып қалған, өзінің тұрғылықты мекен-жайы мен телефонын айтудан бас тартады. Баланы ұрып-соғу дерегі бойынша "Кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттемелерін және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармау, оларға қатыгездікпен қарау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы соққыға жыққан 6 жасар Серік Басманов қорғаншылық органдары тергеуді аяқтағанша орталықта болады.