04 наурыз 2016 | 13:38

Қазақстанда балалардың тойда өнер көрсетуіне тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© market.kz © market.kz

БҚО прокурорлары балалардың тойда өнер көрсетуінен бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

БҚО прокурорлары балалардың тойда өнер көрсетуінен бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО прокурорының көмекшісі Алмагүл Смағұлованың айтуынша, балалардың үйлену тойларында, мерейтойларда өнер көрсетулері дұрыс емес. Себебі олардың жартылай жалаңаш күйде өнер көрсетулері кәмелет жасқа толмағандарға жыныстық мәнде қол сұғушылық түрінде жасалған қылмыстардың артуына әкеп соғып отыр.

"2012 жылы мұндай қылмыстардың 12-сі тіркелді, ал 2015 жылы оның саны 52 дерекке дейін артты және биыл екі айдың ішінде 10 қылмыс тіркеліп үлгерді. Мұндай қылмыстардың алдын алу үшін оларды зерттеп, себептерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бірқатар психологиялық зерттеулердің нәтижесі құрбаны қалыптаспайынша, педофилдердің қалыптаспайтынын анықтап беріп отыр", - деді Смағұлова.

Оның айтуына қарағанда, жартылай жалаңаш киініп, беттерін бояп, үлкен сахнаға шыққан балалар көпшіліктің ортасында жүреді және олардың билерінің кейбірі адамдарды азғырады.

"Бұл шаралар түнгі уақытта өткізіледі, қонақтар көңіл көтеру үшін балалар шақырылып, олар би билейді. Балалардың ондай орындарда жүруі дұрыс емес. Ол жерлерде салауатты өмір салты сақталмайды. Жалпы, шығыс билерінің тарихына үңілетін болсақ, оны әйелдер күйеулері үшін орындайды. Қыздардың көпшілік алдында жартылай жалаңаш күйде билегені қажет емес ", - деді ол.

Айта кетейік, балалардың түнгі сағат 22.00-ден кейін ондай жерлерде ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін құқық қорғау органдары ересектерді әкімшілік жауапкерлікке тарта алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети