Қазақстанда балаларға қатысты жасалатын секс-қылмыстар көбейген. Бұл туралы Бас прокуратурада тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жиында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда балаларға қатысты жасалатын секс-қылмыстар көбейген. Бұл туралы Бас прокуратурада тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жиында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бәлиеваның айтуынша, мектепте үш баланың екеуі балалар мен мұғалімдердің тарапынан болатын зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болады. Ол кең ауқымды мәліметтер бойынша балаларға қатысты қылмыстар соңғы жылдары бір деңгейде қалып қойып отырғанын атап өтті.
"Анықталған және құқық қорғау органдарына хабарланған жағдайлар ғана белгілі болады әрі тіркеледі. Балаларға қатысты жасалған қылмыстардың басым бөлігі бұл тақырыптың жабық болуы мен отбасыішілік қарым-қатынастарға араласудың мүмкін болмағандығы себепті тіркелмей қалып отыр", - деді Бәлиева.
Мәселен, статистика бойынша кәмелет жасына толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың саны өскен. ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша қылмыстар 38,2 пайызға өскен, яғни 115-тен 159-ға жеткен, олар Паволодар облысында (43), Алматы облысында (23), ОҚО-да (17), ШҚО-да (12) және Алматыда (18) тіркелген.
"Біздің елде түрлі формадағы зомбылықтан зардап шеккендерге (кәмелет жасына толмағандар) көмек көрсету жүйесі жоқ. Дағдарыс орталықтарын, кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталықтарын, сенім телефондарын құру тәжірибесі болса да, жүйе тек қалыптасуының бастапқы кезеңінде. Алайда бұл жұмыста мемлекеттік органдар мен бастапқы кәсіптік білім беру орындарының арасында үйлесім жоқ", - деді Бәлиева.