11 маусым 2015 | 15:39

Қазақстанда баланы мектепке қабылдау ережелері өзгеретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда баланы мектепке қабылдау ережелері өзгеретін болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда баланы мектепке қабылдау ережелері өзгеретін болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, 2015 жылы білім беру жүйесінде бірқатар реформа қабылданды. Енді қазақстандық бүлдіршіндер алты жастан бастап мектеп оқушысы атанады.

"Білім бөлімінің мәліметінше, енді мектепке дейінгі даярлық сыныптары мини-орталықтардың жұмысын қайталайтын болады. Бұл реформаның ерекшелігі мынада, бұрын бес жасар баланы мини-орталықтарға қабылдап, алты жаста мектепке дейінгі даярлық сыныбына, ал бір жылдан кейін бірінші сыныпқа жіберілетін. Енді бұл жүйе түбегейлі өзгерді", - делінген жарияланымда.

Мамандардың сөзіне қарағанда, енді балалардың жасына, яғни күзде қанша жаста екеніне баса назар аударылатын болады.

"Егер баланың жасы бестен бес жарымға дейін болса, ол мини-орталыққа алынады. Ал бес жарымнан алты жасқа дейін болса мектепке дейінгі даярлық сыныбына жіберіледі. Жастары алтыға толғандар бірінші сыныпқа қабылданады", - деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Мәдениет Ахметова.

Айта кетейік, мини-орталықтар мен мектепке дейінгі даярлық сыныптарының білім беру бағдарламалары ұқсас. Егер ата-аналар балаларының жасы алтыға келсе де, ғылымды игеруге дайын емесін айтса, бұл мәселені мектептегі психологтық-педагогикалық комиссия шешеді. Мамандар балаға расында да білім алу ерте ме, жоқ па екенін анықтайтын болады.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети