Қазақстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға бола ма?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Биыл көрші Қырғызстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға рұқсат заңдастырылып, содан кейін жойылды. Бұл туралы Қазақстан заңнамасында не қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл көрші Қырғызстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға рұқсат заңдастырылып, содан кейін жойылды. Бұл туралы Қазақстан заңнамасында не қарастырылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрлігінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, еліміздің қолданыстағы неке-отбасы заңнамасы жеке куәлікте баланың толық аты-жөнінде әкесінің атын жазуды қарастыратыны көрсетілген.

"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 63 бабына сәйкес, баланың атын, әкесiнiң атын және тегiн алуға құқығы бар. Баланың атын өзара келісім бойынша ата-аналары немесе баланың басқа да заңды өкілдері береді. Әкесінің аты ата-аналарының немесе баланың басқа да заңды өкілдерінің тілегі бойынша оның әкесі болып көрсетілген адамның аты бойынша беріледі", - деді Әділет министрлігінде.

Осылайша, Қазақстанда бүгінде баланың жеке куәлігіне анасының атын жазуға заңды негіз жоқ.

Бұл ретте министрлік баланың тууы туралы жазбаға әкесінің атын енгізу міндетті емес екенін хабарлады.

"Ұлты қазақ адамдардың аты-жөнін әкесінің аты тегін ауыстырған кезде тәртіппен жазуға рұқсат етіледі, ол бірінші тұруы керек, содан кейін аты, ал әкесінің аты қалауынша жазылады. Әкесінің аты тегін -ұлы, -қызы жалғауларымен ауыстырған жағдайда, әкесінің аты жазылмайды", - деп толықтырды Әділет министрлігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro