Қазақстанда балық қымбаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстанда бір жылда балық 15 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бір жылда балық 15 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстанда 30,8 мың тонна балғын және салқындатылған балық өндірілді, бұл былтырғымен салыстырғанда 15,5 пайызға артық. Мысалы, Қызылорда облысында балық кластері белсенді дамып келеді, мұнда 15 мың тонна балық өнімдерін өндіретін 10 зауыт бағалы балық түрлерін көбейтуге маманданған.

Сол сегіз айда республикада небәрі 6,6 мың тонна дайын немесе консервіленген балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілген. Бұл сегментте Түркістан облысы көш бастап тұр – 2,4 мың тонна. Биыл қаңтар-шілде қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпорындар өңделген және консервіленген балық, шаян және моллюскаларға сұранысты 53,1 пайызға қамтамасыз етті. Елімізге 28,7 мың тонна өнім әкелінді. Осы кезеңдегі өнім 32,5 мың тонна болған.

Биылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша, балғын немесе салқындатылған балық бір жылда 15 пайызға, мұздатылған балық – 15,1 пайызға, қабығы аршылған мұздатылған асшаяндар – 26,4 пайызға қымбаттаған. Ең алдымен, жаңа ауланған балық бағасы Павлодар (44,7 пайызға), Қостанай (24,7 пайызға) және Маңғыстау (24 пайызға) облыстарында өсті. Мұздатылған балық бағасы Маңғыстау (43,4 пайызға), Жетісу (35,2 пайызға) және Атырау (29,6 пайызға) облыстарында айтарлықтай өскен.

Балық өнімдері ішінде тұздалған майшабақ бір жылда 34,2 пайызға, балық консервілері - 29,6 пайызға, майдағы шпрот - 24,9 пайызға, салқын ысталған скумбрия - 23,8 пайызға, тұздалған деликатес балық - 22,2 пайызға, қызыл уылдырық  21,2 пайызға қымбаттаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro