Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

ҚР Үкіметінің қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамында Балық шаруашылығы комитеті құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Үкіметінің қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамында Балық шаруашылығы комитеті құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Саланың жеке ведомствоға біріктірілуі жақында қабылданған балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға, балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы 2020 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауында Қазақстанның балық шаруашылығындағы әлеуеті зор екенін ескере отырып, оны дамытуға аса мән бере қажеттігін айтқан", - делінген Экология министрлігінің Telegram-каналындағы хабарламасында.

Еске салайық, елімізде Ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында болған Балық шаруашылығы комитеті 2014 жылы таратылған. Одан бері балық ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және көбейту саласындағы мемлекеттік саясатты Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жүргізіп келеді. Салаға қатысты міндеттердің комитет пен жергілікті атқарушы органдардың және балық шаруашылығындағы өзін өзі басқару субъектілерінің арасында бөлінуі орталықтандырылған түрде тиімді жұмыс істеуге кедергі келтіреді.

Ал жұмысты жүйелі түрде жүргізу арқылы мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей су ресурстарындағы балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға жеткізуге болады. Балық экспортын 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспары да бар. Ол үшін 545 жаңа балық шаруашылығы құрылып, 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шығады.

Қазіргі уақытта жаңа комитеттің алдында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына жол ашатын саланы мемлекеттік қолдау аясын кеңейту, заңнаманы жетілдіру, балық жемі өндірісін жолға қою, кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын атқару міндеттері тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro