Қазақстанда банктер жаңа әдіспен қызмет көрсетеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда банктер жаңа әдіспен қызмет көрсетеді Фото:depositphotos.com

Қазақстанда банк қызметтерін ұсыну қағидаларына өзгерістер әзірленді. Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда банк қызметтерін ұсыну қағидаларына өзгерістер әзірленді. Тиісті құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау және реттеуді жеңілдету туралы заңды іске асыру мақсатында әзірленген.

Қаулы жобасында мыналар қарастырылған:

  • Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін банк қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шаралар – ұлттық стандартқа сәйкес;
  • Банк сайтында қарыздар бойынша ай сайынғы төлемдерді есептейтін калькуляторды орналастыру міндеттілігі;
  • Төлемдер мен аударымдар тарифтерінің өзгерісі туралы клиенттерге кемінде 3 ай бұрын хабарлау;
  • Клиенттердің өтініштерін қарау мерзімдерін белгілеу.

Сондай-ақ, нормативтік актінің атауына редакциялық өзгерістер енгізу жоспарланған.

Бұл нормалар әлі күшіне енген жоқ. Қаулы жобасы 21 шілдеге дейін "Ашық НҚА" порталында көпшілік талқылауында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети