02 сәуір 2020 | 17:18

Қазақстанда барлық жолаушылар пойызының қозғалысы тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аймақтары арасында жолаушылар қатынасы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аймақтары арасында жолаушылар қатынасы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, барлық жолаушылар пойызының, соның ішінде жеке тасымалдаушылар мен басқа да теміржол әкімшіліктерінің қатынауы тоқтатылды. Пойыздар өзінің қалыптастыру бекеттерінде орналасу орнына қайтарылады. Соңғысы 4 сәуір өз сапарын аяқтайды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ төтенше жағдай кезінде жол жүрмеген барлық жолаушылар билет үшін келесі алты айдың ішінде кез келген уақытта толық көлемде және қандай да бір айыппұл санкцияларынсыз  ақшасын қайтарады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның билет кассаларында немесе жеке кассаларда сату сайттары арқылы жойылған пойыздарға билеттер үшін ақшаны онлайн қайтаруға болады. 12 наурыздан бастап жолаушылар 590 мыңға жуық билет қайтарды", - делінген хабарламада.

Компанияда карантин режимін аяқталғаннан кейін билет кассалары өз жұмысын толық көлемде жаңартатынын атап өтті.

"Барлық жолаушылардан қоғамдық орындарда теміржол билеттерін қайтарумен дүрбелең жасамауды және барлық сақтық шараларын сақтауды сұраймыз", - деп хабарлады компания.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети