Қазақстанда баспана бағасы төмендеуі мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда баспана бағасы төмендеуі мүмкін Midjourney

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Базалық мөлшерлеменің көтерілуі жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің өсуі инфляцияны төмендетуге, демек, жалпы баға өсімін, оның ішінде шаршы метр бағасын тұрақтандыруға бағытталған.

"Мұнда тікелей әсер жоқ шығар: базалық мөлшерлеме инфляцияны төмендетуді көздейді. Ол жалпы инфляцияны және оның құрамдас бөліктерін, соның ішінде тұрғын үй шаршы метрінің құнын азайтуға бағытталған. Сондықтан жалпы баға деңгейі төмендеген сайын тұрғын үй бағасы да тұрақталады деп үміттенуге болады", - деді Сүлейменов Ұлттық банктегі брифинг барысында.

Ұлттық банк басшысы мөлшерлеме экономикалық ықпал етудің тек бір құралы екенін атап өтті. Тұрғын үй нарығына өзге де факторлар әсер етеді: құрылыс материалдарының құны, жобалық және инженерлік жұмыстардың бағасы, жалақы деңгейі және азаматтардың балама құралдарға инвестиция салу мүмкіндігі.

"Мұнда тікелей байланыс жоқ және мұны түсіну маңызды. Дегенмен, базалық мөлшерлеменің төмендеуі экономикадағы жалпы баға деңгейіне әсер ете отырып, тұрғын үй секторындағы бағаның тұрақтануы мен төмендеуіне де ықпал етуі тиіс", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети