04 қаңтар 2024 | 09:53

Қазақстанда баспана мен көлік алудың жаңа механизмі енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін лизингті енгізуді қарастыратын түзетулер зерттеліп жатыр. Тиісті түзетулер қабылданса, қазақстандықтар кейіннен сатып алу арқылы ұзақ мерзімге жалға берілетін баспана мен көлік ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін лизингті енгізуді қарастыратын түзетулер зерттеліп жатыр. Тиісті түзетулер қабылданса, қазақстандықтар кейіннен сатып алу арқылы ұзақ мерзімге жалға берілетін баспана мен көлік ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттық бастама шеңберінде жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін лизингті енгізуді көздейтін заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар блогы "Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген. Қазіргі уақытта түзетулер Үкіметпен келісу рәсімінен өтіп жатыр, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.

"Бастама жасалған түзетулер лизинг алушы ұғымын кеңейту арқылы жеке тұлғалар үшін лизинг енгізуге бағытталған. Түзетулерге сәйкес, жеке тұлғалардың шарттары бойынша лизинг нысанасы мемлекеттік тіркеуге жататын жеке тұрғын үй, пәтер, автомобиль көлігі болуы мүмкін", - делінген Tengrinews.kz ресми сауалына жауапта.

Мерзімі өткен борыштың мөлшерін шектеу үшін 90 күн өткеннен кейін лизинг шарты бойынша сыйақы мен тұрақсыздық айыбын есептеуге тыйым салу ұсынылады. Сондай-ақ, қазақстандықтарға есептелген сыйақы сомасын қайтаруды қоспағанда, лизинг нысанасы құнының қалдығын қайтару жөніндегі міндеттемелерді бір мезгілде тоқтата отырып, лизинг нысанасын (оның қалыпты тозуын ескере отырып) мерзімінен бұрын қайтару құқығы берілуі мүмкін.

Жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау мақсатында шарт жасасқанға дейін лизинг беруші таңдау үшін лизинг шарты бойынша міндеттемелерді өтеу әдісі мен кезеңділігін ұсынатыны көзделеді.

"Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғамен жасалған лизинг шарттарында лизинг берушіден алынатын комиссиялар мен басқа да төлемдердің тізбесі, олардың сомалары көрсетіледі", - деп толықтырды министрлік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети