Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен депутат Нұртөре Жүсіп еліміздің премьер-министріне қазақстандықтардың өз құқықтарын қорғау жөнінде ақпаратқа жеткілікті деңгейде иелік етпейтінін айтып, сауал жолдады. Олар мектептерде бастауыш сыныптарға жаңа пән енгізу туралы бастама көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдірумен қатар, олардың құқықтық тәрбиесі мен жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу жөніндегі пәрменді жұмыс қажет. Мұндай қажеттілік зорлық-зомбылық мәселесі тек отбасында емес, мектепте де, көшеде де бар екенін көрсетеді. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы міндетті пәндер тізбесіне адам құқықтарының негіздерін енгізу ұсынылады", - деді Нұртөре Жүсіп Сенат отырысында.
Ол мектеп бағдарламасына 2013 жылдан бастап "Адам. Қоғам. Құқық" пәні қосылғанын және ол 9-сыныптан басталатынын атап өтті. Оның айтуынша, кітап бағдарласында адам құқықтары мен бостандығының мәні мен оларды қорғау тәсілдерінен гөрі, адам табиғаты туралы философиялық тұжырымдамалар басым.
"Ұсынылып отырған жаңа пән тәжірибеге бағдарланған сипатқа ие болуы тиіс, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері мен құралдары туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Бұл ретте аталған пәнді бастауыш сыныптардан енгізген жөн", - деді депутат.
Сенатордың пікірінше, елімізде жыл сайын балаларға қатысты қылмыстар саны өскен.
"Бас прокуратураның ақпараты бойынша, мұндай қылмыстардың саны биыл сегіз пайызға өсті, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық деректерін жасырғаны үшін қылмыстық жауаптың енгізілуіне байланысты. Жалпы, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жағдайларының 70 пайыздан астамын жақын адамдар жасайды", - деп атап өтті сенаторлар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!