Қазақстанда байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілінді: тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілінді: тергеу басталды Фото:depositphotos.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) байланыс операторларының баға бойынша сөз байласуы ықтималдығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) байланыс операторларының баға бойынша сөз байласуы ықтималдығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер БҚДА байланыс операторларының тарифтерді қымбаттатуын тексеріп жатыр ма, жоқ па сұрады.

"Кейінгі бірнеше жылда көптеген шағым түсіп жатыр. Біз нарықты талдап, тарифтердің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Кейінгі екі жылда барлық дерлік байланыс операторы бағаларын көтерді. Қазіргі уақытта біз сөз байласу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Біз келісілген әрекеттің белгілерін анықтадық – операторлар бір уақытта тарифтерді жылдам көтеруге кірісті. Монополияға қарсы салада бұл сөз байласу деп саналады, біз жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз", - деді Сәмбетов.

Оның айтуынша, монополиялық жоғары тарифтерді белгілеген болуы мүмкін ірі операторлардың біріне қатысты жеке тергеу басталуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети