Мәжілісте қыруар пайда тапқандар мен халық көзінше ақша шашқандарға салықты көбейту, сондай-ақ міндетті қайырымдылық шығындарын енгізу ұсынылды. Үкімет басшысына осындай ұсынысты депутат Айқын Қоңыров жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат кәсіпкерлер үшін түсінікті және елдегі бизнес жағдайын жақсарта алатын Салық кодексінің жаңа редакциясы дайындалып жатқанын еске салды.
Қоңыров мүлікті заңдастыру халық арасында табыс табу жағынан қаншалықты айырмашылығы барын көрсеткенін атап өтті. Тоғыз миллион экономикалық белсенді тұрғыны бар ел бойынша 11 800 есепшот ашылды. Онда 4,1 триллион теңге қаржы түскен, яғни, бір шоттағы орташа сома - 347 миллион теңге. Бұл қазақстандағы ресми орташа айлықтан 2 500 есе артық.
"Табыс табу жағынан мұндай айырмашылық табысты жұмсау жағынан да айырмашылық туғызады. Қарапайым халық ақша үнемдей алмай жатқанда, өте қымбат көліктердің сатылымы артқан. Егер табыс табу жағынан теңдік болмаса, салық салу жағынан да теңдік жоқ. Қымбат көлік, жылжымайтын мүлік сатып алуға салықты арттыратын кез келді. Сонымен қатар, қайырымдылық шығындарын есепке алмау керек, осылайша қайырымдылықты ынталандырамыз", - дейді депутат.