21 қыркүйек 2022 | 13:25

Қазақстанда базалық станциялардың адам денсаулығына әсерін зерттеу ұсынылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда базалық станциялардың адам денсаулығына әсерін зерттеп, оның нәтижелерін халыққа жеткізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда базалық станциялардың адам денсаулығына әсерін зерттеп, оның нәтижелерін халыққа жеткізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Amanat фракциясы Премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады.

"Мегаполистер мен облыс орталықтары қарқынды салынып жатқандықтан, бізге азаматтарымыздан жоғары сапалы ұялы байланыс пен мобильді интернеттің жоқтығына қатысты шағымдар көбейіп барады. Былтыр Цифрлық даму министрлігі мен депутаттар байланыс сапасын өлшеу, операторларға салынатын айыппұлдарды көбейту, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша көптеген бастаманы жүзеге асырды. Бірақ мәселе салааралық сипатта ғана болды", - деді депутат Екатерина Смышляева.

Біріншіден, депутаттың айтуынша, радиофобия азаматтар арасында кең тараған және адамдардың үрейіне қарсы орынды дәлелдерге ешкім қарсы тұра алмайды. Қазақстанда базалық станциялар радиациясының адам денсаулығына тигізетін әсерін зерттеу жүргізілмеген.

"Екіншіден, үйлер техникалық қабатсыз салынып жатыр. Тұрғындар антенна орнатуға келіссе, оны орнату мүмкін болмайды, өйткені бұл сөзбе-сөз "адамның басына қою" дегенді білдіреді. Үшіншіден, базалық станцияларды орналастыруға арналған арнайы тіректер, яғни мұнара құлаған жағдайда қажетті қауіпсіз аймақты қамтамасыз ететін орын жоқ. Сонымен қатар, байланыс желілеріне түсетін жүктеме есептелмейді немесе есепке алынбайды. Төртіншіден, қабаттардың көптігіне байланысты, антенналардың биіктігі көпқабатты үйлердің төменгі қабаттарымен ғана байланысуға мүмкіндік береді. Ғимараттардың қабырғалары, терезелері мен қасбеттері жасалған материалдар сигналдың қолжетімділігіне әсер етеді", - деді депутат.

Мәжілісмендер радиофобияны барынша азайтуды ұсынды:

  • базалық станциялардың адам денсаулығына әсері туралы Ұлттық зерттеу жүргізу және оның нәтижелерін халыққа жеткізу;
  • санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібін өзгерту және оны тұрғындар жиналысында қарау сәтіне дейін жасау.

Байланыс инфрақұрылымын құру үшін:

  • қалалардың бас жоспарларын әзірлеу кезінде базалық станциялардың болуын немесе оларды орналастыру мүмкіндігін ескеру;
  • құрылыс жөніндегі техникалық регламенттерде басқа коммуникациялармен қатар байланыс инфрақұрылымын көздеу;
  • қосарланған тіректерді пайдалану тәжірибесін енгізу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети