Қазақстанда базалық зейнетақыны өсіру мәселесі қарастырылып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда базалық зейнетақыны арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазірдің өзінде барлық есеп пен ұсыныс жұмыс тобының қарауына жіберілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда базалық зейнетақыны арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазірдің өзінде барлық есеп пен ұсыныс жұмыс тобының қарауына жіберілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз барлық ұсыныс, есептеуімізді жұмыс тобына береміз. Оның құрамында Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары бар. Бірінші кезеңде барлық есептеулерімізді ұсындық. (...) Бүгін бірінші кезеңді аяқтадық. Енді екінші кезең Қаржы және Ұлттық экономика министрлері деңгейінде қарастырылады. Содан кейін республикалық бюджет комиссиясына барамыз", - деді Дүйсенова Мәжіліс кулуарында.

Еңбек министрлігі басшысының айтуынша, базалық зейнетақы параметрлерін өзгерту ұсынылды.

"Зейнетақы жүйесіне келетін болсақ. Біз қазір тағайындап жатқан жиынтық зейнетақының мөлшері былтырғымен салыстырғанда азайып барады, өйткені еңбек өтілі қысқа. Осыған байланысты қазір базалық зейнетақының параметрлерін арттыруға болатындай етіп өзгерту туралы өз есептеулерімізбен ұсыныс енгіздік. Екіншісі, ынтымақты зейнетақының параметрлерін өзгерту, оны да көбейтуге болады. Үшіншіден, қолданыстағы заңнама аясында зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Зейнетақы аннуитеті мәселелерін қарастырып жатырмыз", - деді Дүйсенова.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда зейнет жасын қысқарту мәселесін талқылауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course down  583.08  course down  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro