Бензиннің қымбаттауы көліктер санының артуымен байланысты. Бұл туралы ҚР Энергетика министргінің өкілдері мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бензиннің қымбаттауы көліктер санының артуымен байланысты. Бұл туралы ҚР Энергетика министргінің өкілдері мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біріншіден Қазақстанда мұнай өнімдерін пайдалану артты. Бұл көлік санының артуымен байланысты болып отыр. Егер 2001 жылы 1 миллион 58 мың көлік тіркелсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш 3 миллион 924 мыңға жетті. Сәйкесінше жанармай пайдалану 2,5 есеге артып отыр", - дейді вице-министр Әсет Мағауов ОКҚ-дағы брифинг барысында.
Елімізде бензин өндіру 1 миллион 536 тоннаға, ал дизель отынын өндіру 2 миллион 900 тонаға артқан.
"Өндіру көлемін артыру импортқа тәуелділіктен құтқармайды. Қазір біз бензиннің 30 пайызы мен дизель отынының 15 пайызын Ресей Федерациясынан жеткіземіз", - дейді Мағауов.