Қазақстанда бензин мен дизель отынын елден шығаруға тыйым салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бензин мен дизель отынын елден шығаруға тыйым салынады Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, сондай-ақ ҰҚК төрағасы елден бензин мен дизель отынын әкетуге жарты жылға тыйым салатын бірлескен бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның энергетика, қаржы және ішкі істер министрлері, сондай-ақ ҰҚК төрағасы елден бензин мен дизель отынын әкетуге жарты жылға тыйым салатын бірлескен бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат Қазақстан НҚА эталон бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.

"Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта. 

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң, яғни 12 шілдеде қолданысқа енеді.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы кезек мәселесі шешілді ме?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети