Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киімге тыйым салынбақ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бет-әлпетті жабатын киімге тыйым салынбақ Фото:depositphotos.com

"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салатын түзету енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" заңға адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салатын түзету енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің жұмыс тобының отырысы өтті.

Түзетуде адамның бет-бейнесін тануға кедергі жасайтын киімдерді қоғамдық орындарда киюге тыйым салу қарастырылған. Алайда бұл тыйым Қазақстан заңнамасының талаптарын орындау үшін, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді атқару кезінде, медициналық мақсатта, азаматтық қорғау шараларында, ауа райының ерекшеліктеріне байланысты, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қолданылмайды.

Еске салайық, Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төл мәдениет арқылы ұлттық бірегейлікті нығайтудың маңыздылығын атап өткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети