Қазақстанда билетсіз жүрген жолаушыларға айыппұл салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Заңнамаға 2015 жыл 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңымен түзетулер енгізілді.
Қазақстанда билетсіз жүрген жолаушыларға айыппұл салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Заңнамаға 2015 жыл 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңымен түзетулер енгізілді.
Билетсіз жүруге қатысты санкция енді Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 622-бабы "Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша қаралатын болады. Енді "Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару" екі айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұлмен жазаланады, ол - 3964 теңге. Сонымен қатар, осы заңнамамен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабына "Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу" түзету енгізілді. Адвокат Джохар Өтебековтің айтуынша, билетсіз жолаушыларға айыппұлды полицейлер сала алады. "Маған бұл механизм аса түсінікті емес, олар мұнымен қалай айналысады. Хаттама толтыру қажет. Көлік инспекциясында ондай құзірет жоқ. Негізінде, полицейлер автобустарға кіріп, жолаушыларды тексеруі керек", - деді ол.
Сонымен қатар, жаңа заңнамаға сәйкес, арнайы сертификатталған құрылғылармен жабдықталған, уақыты белгіленіп, тұрақ үшін ақы алуға арналған, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары белгілеген көлік тұрағының орнына ақы төлемегені үшін 3 АЕК, яғни 5946 теңге көлемінде айыппұлдың салынатыны белгілі болды. Егер бұл тәртіп бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса 5 АЕК көлемінде, яғни 9910 теңге айыппұл салынады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда билетсіз жүрген жолаушыларға айыппұл салынбайтын. Осыған байланысты сенаторлар заңға тиісті өзгеріс енгізді. Бұған дейін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 623-бабына сәйкес, билетсіз жүрген жолаушыларға жаза тағайындалатын. Ол үшін жолаушыларға 1 АЕК көлемінде, яғни 1982 теңге айыппұл салынады.