25 тамыз 2020 | 11:16

Қазақстанда биыл 18 миллион тонна астық жинау жоспарланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Егін жинау науқанының басталуы туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету туралы энергетика министрі Н. Ноғаев, өңірлердегі ахуал туралы Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.

Қазіргі уақытта барлық өңірлер жаппай егін жинауға кірісті.

Биыл 22,7 миллион гектар жерге егін егілді, бұл 2019 жылғы деңгейден 439 мың га  жерге артық. Дәнді дақылдар 15,9 миллион гектар (оның ішінде бидай – 12,1 миллион гектар), майлы дақылдар 2,9 млн гектар, мақта 125,8 мың гектар, қант қызылшасы 20,9 мың гектар, көкөніс-бақша өнімдері және картоп 457,4 мың гектар, жемшөп дақылдары 3,3 миллион гектар алқапқа егілді.

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынының қажетті көлемі - 395 мың тонна (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға шамамен 147 теңге/литр) анықталды. Республикада 145 мың трактор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық жинау комбайны, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк автомобилі бар.

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлді, олар 3,4 миллион гектар егіс алқаптарын қамти отырып, толығымен АӨК-тің 2400 субъектісіне берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында 100 миллиард теңге бөлінді, сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық түрде сатып алды.

"Үкімет тарапынан егін жинау жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдер қабылданды. Жалпы алғанда, қабылданған шаралардың есебінен осы жылы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 миллион тонна деңгейінде (2019 жылға қарағанда 3,4 пайыз өсім) жоспарланып отыр. Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады", - деді Мамин. 

Үкімет басшысы астық жинауды сапалы әрі уақытылы жүргізу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар жиналған өнімді уақытылы қабылдау және тиісті сақтау жағдайларын ерекше бақылау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети