19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК мәліметінше, қабылданған шаралар нәтижесінде террористік актіні жасауға бағытталған 3 ұмтылыстың жолы кесілді. 7 радикал топтың және 34 жекелеген экстремистің қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды.
Сондай-ақ, комитеттегілер радикал көзқарастан 907 адамның қайтарылғанын хабарлады. Бас бостандықтарынан айыру орындарында террористік және экстремистік қылмыс жасағандары үшін жазаға тартылған 162 сотталушы райынан қайтты дейді.
Ведомство мәліметінше, жергілікті жерлерде "Жусан" гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік қарқынды аймақтардан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту бойынша жұмыс жолға қойылды. Бұрынғы сенімдерінен осы әйелдердің үштен бір бөлігі бас тартты, қалғандары бойынша жұмыстар табысты жалғасып жатыр.
"Қазақстандық қоғамды терроризм және экстремизмді насихаттаудан қорғау мақсатында интернет кеңістігін мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Жүйе әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті айқындауға және артынша бұғаттауға мүмкіндік береді. Радикал ортаға қарудың, оқ-дәрілердің және жарылғыш заттардың түсуіне жол бермеудің қосымша алдын алу тетіктері енгізілді. Нәтижесінде осындай 17 жағдайға жол берілмеді", - делінген ҰҚК хабарламасында.