Фото nnm.ru сайтынан алынды
Қазақстанда өте маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - кәсіпкерлік қызметті жетілдіру туралы заң жобасы 2014 жылдың аяғына дейін қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Бауыржан Бекешевке сілтеме жасап. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл заң жобасын осы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін жетілдіруді тапсырды. "Бізге аталған заң жобасын бірінші қыркүйекке дейін жетілдіруді тапсырды. Егер Үкімет пен Парламентте оны жедел әрі жылдам түрде қарап, қабылдауға шешім шықса, онда осы жылдың аяғына дейін бұл заңды қабылдауға әбден болады. Әрине заң жобасын жетілдіруге өте қысқа мерзім беріліп отыр, дегенмен біз берілген мерзімде орындаймыз деп ойлаймын",- дейді Бекешев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, бұл жетілдірілетін заңға байланысты Қазақстанда сонымен бірге жаңа бизнес-омбудсмен институт құру ұйғарылып отыр. Бизнес-омбудсмен лауамызына үміткер туралы сұрақ қойылғанда Бекешов нақты адамның аты-жөнін айта алмайтынын жеткізді. "Өкінішке орай, фамилиясымен ешкімнің атын атай алмаймын, мұның барлығы үміткерлерге ұсынылатын өлшемге байланысты. Бұл шешімді кәсіпкерлер Палатасы қабылдайтын болады. Бекешевтің айтуынша, омбудсмен өте тәжірибелі, жетілген адам болуы тиіс және жасы 30-дан төмен болмауы керек. "Айналасына өзін жақсы жағынан танытқан, өз қызметінде жақсы пікір қалыптастыр аалған адам болуы қажет",- деді ол. Еске сала кетейік, 27-ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлік қызметке қажетті жағдайларды түбегейлі жақсарту жөніндегі заң жобасын жетілдіруді тапсырған болатын. "Үкімет 2014 жылдың 1-сәуіріне дейін рұқсат беру және хабардар ету мәселелері жөніндегі заңның жобасын, 2014 жылдың 1-қыркүйегіне дейін кәсіпкерлік қызметке қажетті жағдайды түбегейлі жақсарту жөніндегі заңның жобасын, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметі мәселелері жөніндегі заңның жобасын Парламентке енгізуі керек" ,- деді Елбасы. Сондай-ақ ол 2014 жылдың 2-сәуірінен бастап, 2015 жылдың бірінші қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий жариялайды. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстанда жаңадан Бизнес-Омбудсмен институты құрылатынын жеткізді. "Оның басты міндеті – кәсіпкерлердің құқығын қорғау",- деді Мемлекет басшысы.
Қазақстанда өте маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - кәсіпкерлік қызметті жетілдіру туралы заң жобасы 2014 жылдың аяғына дейін қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Бауыржан Бекешевке сілтеме жасап. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл заң жобасын осы жылдың бірінші қыркүйегіне дейін жетілдіруді тапсырды.
"Бізге аталған заң жобасын бірінші қыркүйекке дейін жетілдіруді тапсырды. Егер Үкімет пен Парламентте оны жедел әрі жылдам түрде қарап, қабылдауға шешім шықса, онда осы жылдың аяғына дейін бұл заңды қабылдауға әбден болады. Әрине заң жобасын жетілдіруге өте қысқа мерзім беріліп отыр, дегенмен біз берілген мерзімде орындаймыз деп ойлаймын",- дейді Бекешев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бұл жетілдірілетін заңға байланысты Қазақстанда сонымен бірге жаңа бизнес-омбудсмен институт құру ұйғарылып отыр. Бизнес-омбудсмен лауамызына үміткер туралы сұрақ қойылғанда Бекешов нақты адамның аты-жөнін айта алмайтынын жеткізді. "Өкінішке орай, фамилиясымен ешкімнің атын атай алмаймын, мұның барлығы үміткерлерге ұсынылатын өлшемге байланысты. Бұл шешімді кәсіпкерлер Палатасы қабылдайтын болады.
Бекешевтің айтуынша, омбудсмен өте тәжірибелі, жетілген адам болуы тиіс және жасы 30-дан төмен болмауы керек. "Айналасына өзін жақсы жағынан танытқан, өз қызметінде жақсы пікір қалыптастыр аалған адам болуы қажет",- деді ол.
Еске сала кетейік, 27-ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлік қызметке қажетті жағдайларды түбегейлі жақсарту жөніндегі заң жобасын жетілдіруді тапсырған болатын. "Үкімет 2014 жылдың 1-сәуіріне дейін рұқсат беру және хабардар ету мәселелері жөніндегі заңның жобасын, 2014 жылдың 1-қыркүйегіне дейін кәсіпкерлік қызметке қажетті жағдайды түбегейлі жақсарту жөніндегі заңның жобасын, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметі мәселелері жөніндегі заңның жобасын Парламентке енгізуі керек" ,- деді Елбасы. Сондай-ақ ол 2014 жылдың 2-сәуірінен бастап, 2015 жылдың бірінші қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий жариялайды. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстанда жаңадан Бизнес-Омбудсмен институты құрылатынын жеткізді. "Оның басты міндеті – кәсіпкерлердің құқығын қорғау",- деді Мемлекет басшысы.