Қазақстанда бизнеске қатысты 10 мың негізсіз талап анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті "таза парақтан" реттеуді іске асыру барысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысында кәсіпкерлік қызметті "таза парақтан" реттеуді іске асыру барысы қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдаудың маңыздылығын атап көрсетті. Бизнеске әкімшілік жүктемені барынша азайту мақсатында қолданыстағы реттеуші актілердің бәріне ауқымды талдау жүргізілген. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің 44 саласына жан-жақты талдау жасалып, нәтижесінде жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталған.

"Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша Міндетті талаптар тізілімі жасалды. Тізілім қажет кезде қайтадан қаралып, реттеліп отырады. Яғни орынсыз, бірін-бірі қайталайтын немесе тиімсіз талаптарды анықтау және алып тастау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік бақылау жүйесінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр", - делінген Үкімет хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, 35 салада бұл жұмыс аяқталған. Ол кәсіпкерлерді негізсіз тексерулерден қорғауға мүмкіндік береді.

"Жалпы, "таза парақтан" реформасы бизнес-ортаны реттеудің тиімділігін арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан, осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастыру қажет. Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға қашанда дайын. Бизнестің тұрақты да табысты қызметіне бірінші кезекте, мемлекеттің өзі мүдделі. Кәсіпкерлер осыны сезінулері керек", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Атқарылған жұмыстар 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының 4,7 миллион адамға дейін өсуіне және мемлекеттің экономикадағы үлесін 14 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Премьер-министр бизнеске қойылатын артық талаптарды жою бойынша заңнамалық өзгерістердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз ету, заңға тәуелді актілерге тиісті түзетулер енгізуді жылдамдату және бірінші жартыжылдықтың соңына дейін мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру жұмысын аяқтау қажеттігін айтып өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro