Қазақстанда блогер Mellstroy-ға іздеу жарияланды: ҚМА мән-жайды түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда блогер Mellstroy-ға іздеу жарияланды: ҚМА мән-жайды түсіндірді Блогер Mellstoy / instagram.com/mellstroy

Қазақстанда 37 жастағы Беларусь азаматы Андрей Буримге (Mellstroy лақапатымен танымал блогер) халықаралық іздеу жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) оның қандай күдікке ілінгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 37 жастағы Беларусь азаматы Андрей Буримге (Mellstroy лақапатымен танымал блогер) халықаралық іздеу жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) оның қандай күдікке ілінгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, блогер Андрей Бурим әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казино Mellstroy.game платформасын ілгерілету мақсатында заңсыз ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл ретте қазақстандық пайдаланушыларды да нысанаға алынғаны айтылған.

Сот Буримға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

ҚМА мәліметінше, онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.

"Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 2025 жылғы қарашада Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды", - делінген хабарламада.

ҚМА өкілдері іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге, Астана бойынша ЭТТД-ге келесі телефондар арқылы хабарласуды сұрайды. Құпиялылық пен сыйақыға кепілдік беріледі.

  • +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім;
  • +7 7172 70 84 79.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасында құмар ойындарды жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар, заңсыз ойын бизнесіне сыбайлас болу және жәрдемдесу деректері үшін қылмыстық жауапкершілік те көзделген.

"Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды заңсыз ойын бизнесін кез келген түрде жарнамалауға немесе оны ілгерілетуге қатысудың жол берілмейтіні туралы ескертеді.

Күмән тудыратын жарнамалық ұсыныстар түскен жағдайда бұл туралы дереу "АФМ Insider" Telegram-ботына хабарлауыңызды сұраймыз", - делінген ҚМА хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети