23 мамыр 2023 | 11:31

Қазақстанда болашақ отбасылық жұптардың денсаулық паспортын енгізу ұсынылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда шет елдердегідей болашақ жас жұбайларға кешенді медициналық зерттеп-қараудан өтуді көздейтін отбасылық жұптардың денсаулық паспортын енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жэасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда шет елдердегідей болашақ жас жұбайларға кешенді медициналық зерттеп-қараудан өтуді көздейтін отбасылық жұптардың денсаулық паспортын енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жэасап.

"Жобаны іске асырудың мақсаты - ана өлімінің дамуына, жастардың репродуктивтік және соматикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға барынша әсер ететін кейбір ауруларды анықтау, жыныстық жолмен берілетін генетикалық, соматикалық және инфекциялық ауруларды уақтылы ерте анықтау және жүктілікті жоспарлауға дейін емдеуді бастау", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Қазақстан Республикасында нәресте өлімінің 58,7 пайызы - дене салмағы 2500 грамнан кем шала туған нәрестелер; ана өлімінің барлық жағдайларының 46 пайызы әйелдің әртүрлі созылмалы ауруларына байланысты.

"Сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуы проблемасы бар, олар адамның денсаулығына, сондай-ақ болашақ ұрпақтың денсаулығына әсер етеді. Осылайша, Қазақстанда АИТВ-инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 74,7 пайызы жыныстық жолмен берілуіне байланысты, ал үш негізгі ЖЖБИ - мерез, гонорея және трихомониаздың таралуы ресми статистикаға қарағанда 3-3,5 есе жоғары", - делінген хабарламада.

Ана өлім-жітімінің, жыныстық серіктестің инфекциясының немесе ұрықтың өлімінің алдын алудың ең жақсы тәсілі – ауруларды уақытылы анықтау және емдеу.

Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараудың мақсатына айналған медициналық сипаттағы үш алғышарт бар.

  • Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қарау денсаулық сақтау жүйесіне қатты әсер ететін кейбір ауруларды анықтаған кезде қоғамдық денсаулыққа әсері.
  • Некеге дейінгі медициналық зерттеп-қараулар болашақ ерлі-зайыптылардың денсаулығының нашарлауына және ауру ұрпақтардың тууына жол бермейді.
  • Некеге дейінгі зерттеп-қарауға арналған ауруларды таңдау ықтимал аурудың алдын алу немесе емдеу мүмкіндігіне байланысты болды. Мұндай аурулардың арасында жиі кездеседі: талассемия, орақ тәрізді жасушалы анемия, АИТВ, В және С гепатиттері, қызамық, мерез және басқа жыныстық жолмен берілетін аурулар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети