Қазақстанда боран мен көктайғаққа байланысты 127 жол учаскесі жабылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда боран мен көктайғаққа байланысты 127 жол учаскесі жабылды Фото: ТЖМ

Ауа райының нашарлауына байланысты – қарлы боран, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ: 127 жол учаскесі жабылды, оның 49-ы республикалық және 78-і облыстық маңызы бар жол, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауа райының нашарлауына байланысты – қарлы боран, жолдың нашар көрінуі, көктайғақ: 127 жол учаскесі жабылды, оның 49-ы республикалық және 78-і облыстық маңызы бар жол, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жолдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, өңірлерде де осындай штабтар жұмыс істейді. Бақылау бекеттерінде 600 көлік жиналған.

"Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды ​​және Абай облыстарында құтқару бөлімшелері 691 адамды, оның ішінде 137 баланы құтқарып, эвакуациялады, 145 техника сүйреп шығарылды.

Жолдардың жабық учаскелерінде адамдарды эвакуациялау үшін 838 уақытша жылу пункттері дайындалды, 87 техника (ауысымдық және КУНГ) дайын тұр", - деді ТЖМ өкілдері.

Уақытша жылу орталықтарында 420 адам болса, оның 69-ы балалар. Бұл Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети